Астана. 3 шілде. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазақстанда 2015 жылғы 22 маусымға 148,8 мың бас киік жойылды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
«Биылғы 22 маусымға республикада 148 800 бас киік жойылды, олардың ішінен Қостанай облысында - 127 775 бас, Ақтөбе облысында - 10 358 бас; Ақмола облысында – 10667 бас», - деп көрсетілген АШМ жұма күні ҚазТАГ агенттігінің сауалына берген жауабында.
Ведомство мәліметтерінше, өлген киіктерді анықтау, популяцияның жағдайына мониторингі жасау жалғасуда.
«Қазір бетпақдала популяциясына мониторингі жүргізу және авиаесепке алу жалғасуда. Барлық популяцияда оларды күзету шаралары күшейтілді», - деді министрліктен.
АШМ түсіндіргендей, «Охотзоопром» ӨБ жүйесінде киіктерді қорғау үшін мобильді топтар құрылған. Сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтымен 2012-2014 жылдары «Қазақстан Республикасының аумағында мекен ететін киіктер популяциясында инфекциялық аурулардың айналымына эпизоотологиялық мониторингі жасау, және 2012-2014 жылдарға есептелген профилактика әдістерін дайындау» тақырыбында ғылыми зерттеу бағдарламасы атқарылды.
Одан басқа, 2009 жылдан бері мониторингі жасаудың жаңа технологиясы енгізілген. Ол - киіктерге спутниктік маяктар (қарғы) орнату арқылы жүргізіледі.
«2009-2014 жылдар аралығында киіктердің бетпақдалалық популяцияның 73 киігіне спутниктік маягы бар қарғы кигізілді. 2009-2013 жылдары үстірттік популяцияның 34 киігіне спутниктік маяк кигізілген. 2012-2014 жылдары оралдық популяциясының 21 киігіне спутниктік маяктар орнатылған», - деді АШМ баспасөз қызметінен.
Апта сайын орман шаруашылығы жануарлар әлемі комитетіне маяктардан хабар келіп түсіп жатады. Ол мәліметтерді «Охотзоопром» ӨБ киіктерді сыртынан бақылап, оларды қорғау үшін пайдаланады.
«Ғылыми мекемелер киіктердің ауруларын зерттеу орталығын ашу мәселесін пысықтап жатыр», - деді ведомстводан.
Қазір зерттеу мақсатында киіктер Батыс Қазақстан облысындағы Жәңгірхан ат. университет тәлімбағында және Жамбыл облысының Отар кентіндегі биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-де шарбақтарда бағылып жатыр.
Дереккөз: ҚазТАГ