Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;
Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінқоса атқарушы қызметіне;
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Дереккөз: bnews.kz
3 шілде 2015, 09:48
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.