Атырау, 25 желтоқсан 07:24
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстан парламенті судьяларға өмір бойы материалдық қамқорлықты қарастырған түзетулерді қабылдады

3 077 рет қаралды

Image 0Астана. 2 шілде. ҚазТАГ - Оксана Скибан. ҚР парламент сенатының депутаттары бейсенбі күні палатаның алқа отырысында "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын мақұлдады.

«Конституциялық заңның жобасы судьяларды зейнетақымен қамтамасыз ету институтын қайта құру жолымен отставкадағы судьяларға өмір бойына ай сайын материалдық қамқорлықты қарастырады», - делінген конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша комитетінің қорытындысында.

Одан басқа, заң жобасымен норма бекітіледі. Ол бойынша заңмен бекітілген зейнет жасындағы отставкадағы судьяларға өмір бойлық материалдық қамқорлық бекітілген.

«Ол төлемдер ай сайын беріледі және оған салық салынбайды. Ондай төлемдердің мөлшері судьяның соңғы қызметінде алған жалақысының пайыздық қатынасымен бекітіледі. Бұл ретте судьялар үшін республикалық бюджет есебінен міндетті зейнетақылық жарналар алынып тасталады», - делінген қорытындыда.

Дереккөз: ҚазТАГ



2 шілде 2015, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.