Атырау, 27 қараша 13:32
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстандық сарапшылар Балқаш көлінің суы тартылып кетуі мүмкін деп алаңдаулы

6 228 просмотра

Image 0Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Балқаш көлінің суы тартылып кетуі мүмкін деген қауіп бар, деп есептейді Балқаш-Алакөл бассейндік кеңес хатшысы Анара Тілеулесова.

«Қазір Балқаш көлінің белгісі деп аталатын меже – 342,2, ол қалыпты жағдай, бірақ ертеңдері қажет көлемде су берілмейтін болса, ол төмендеп кетуі мүмкін. Бұл жерде проблема туындайды. Мен талдама жасаған едім: былтыр Балқаш деңгейі жарты метрге түскен, ол дегеніңіз 18 млрд текше метр су деген сөз»,- деді А. Тілеулесова Балқаш-Алакөл бассейндік кеңестің 20-шы отырысының дәліздерінде.

Оның айтуынша, үшінші жыл қатарынан Ілемен аз су құйылуда, ал Іле Балқаштың 80% суын құяды.

«Норма бойынша құйылатын су көлемі секундына 700 текше метр болуы керек, ал бүгіндері ол 400 текше метр, яғни, нормадан екі еседей аз. Оның үстіне Қапшағай су қоймасындағы су көлемі 15 текше километр, қыс бойына аққан су көлемі тым төмен болғаны соншама, біз ол суды жинай алмадық. Іленің төменгі сағасы мен Балқаштың суға толуы Қапшағайға байлданысты»,- деді А. Тілеулесова.

Сондай-ақ, сарапшы Балқаштағы су сапасына назар аудара келіп, «бізде сарқынды су өте көп» деп атап өтті.

«Судың сапасын нақты көрсететін елеулі зертханалар болуы керек», - деп есептейді А. Тілеулесова.

Балқашты сумен толтыру жолдарын сарапшы, қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану және заңнаманы сақтауда деп біледі.

«Су кодексінің 103-ші бабында барлық кәсіпорындар айналмалы су пайдалану жүйесін енгізуі керек деп айтылған. Демек пайдаланылған суды тазарту қондырғыларынан өткізіп, техникалық мұқтаждықтарға қайта пайдалану, ал табиғи су көздерінен суды тек нәпақа ретінде алып отыру керек. Сол кодекстің 86-шы бабында әр кәсіпорын әр бес жылда өнім бірлігіне су пайдаланудың жеке нормасын дайындап отыруы керектігі анық көрсетілген

Шартты түрде алсақ, 1 кг нан пісіруге 1 литр су керек. Ол өндірісті су үнемдейтін жаңа технологиялар енгізу үшін керек», - деді А. Тілеулесова.

Оның айтуынша, су пайдаланушылар ол нормаларды сақтамайды, ал заңды бұзғандары үшін жауапкершілік тиімсіз болып отыр.

«Кеңестік дәуірде мен инспектор болып жұмыс жасадым, және заң бұзушылықтары үшін келіп, су алу желісін тәртіпке келтірмейінше, жауып тастай алатынмын. Бүгіндері ондай жоқ. Оның үстіне тексерулерге тоқтам жариялау сәнге айналды. Бізде ірі кәсіпорындар заңды онша көп бұзбайды, ал ШОБ субъектілерінде ол жиі. Олар әр кез мораторийге сілтемелеп, маңайына жолатпайды», - деді А. Тілеулесова.

Балқаш-Алакөл бассейндік кеңес 2005 жылы ҚР Су кодексінің 43-ші бабының негізінде Балқаш-Алакөл бассейнінде су қатынастарын реттеу үшін құрылған болатын.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 маусым 2015, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.