Атырау, 6 қазан 19:25
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

KazSat-2 жер серігінде штаттан тыс жағдай пайда болды

2 209 просмотра

Image 0Алматы. 30 маусым. ҚазТАГ – KazSat-2 жер серігінде штаттан тыс жағдай пайда болды, деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ.

Хабарда атап көрсетілгендей, «Kazsat-2 жерсерігінде 30.06.2015 ж. 09 сағ. 58 мин. орын алған штаттан тыс жағдайға байланысты «OTAU TV» жерсеріктік телехабар тарату желісі мен цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде «Қазақстан» РТРК облыстық телеарналары мен «Алау ТВ», «МТРК СҚО» телеарналарының хабар таратуы үзілді. Сондай-ақ, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстық телевизиясы мен Павлодар облысының аналогтық радиохабар таратуынан өзге барлық облыстық телерадиоарналардың аналогтық эфирлік желіде трансляциялануы уақытша тоқтап тұр.

Қолайсыздық туғызғанымыз үшін кешірім өтінеміз!», - делінген хабарда.

Бұл ретте төмендегідей ескерту айтылады: Kazsat-2 жерсерігінде 30.06.2015 ж. 09 сағ. 58 мин. орын алған штаттан тыс жағдайға және соның салдарынан жүктемені басқа жерсеріктік борттарға үлестіру қажеттілігі туындауына байланысты 30 маусым мен 3 шілде аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «OTAU TV» жерсеріктік желісінде келесі телеарналардың хабар таратылуы тоқтатылуы ықтимал:

РЕН, EuroNews, Eurosport 2, ID Xtra, Спас, Viasat Golf, Boomerang , 365

дней, Время, English Club, TLC, Карусель, Da Vinci Learning, Музыка Пер.,

MTV, Шансон, CNN International, Сетанта Спорт+, Дом кино, Gulli, Discovery

World, Discovery Science, Боец, Авто 24, Viasat Sport, Телекафе , Mezzo,

КХЛ, Amedia, Life, Ля-минор, Феникс+кино, Усадьба.

Сондай-ақ, Қазсат-2 жерсерігінің жұмысы қалпына келтірілгенге дейін «Қазақстан» РТРК барлық облыстық телеарналары мен «ТДК-42», «МТРК», «Алау ТВ» телеарналарының хабар таралымы толықтай жоғалады.

«Ғарыш байланысының Республикалық орталығы» АҚ тарапынан Қазсат-2 жерсерігінің жұмысын қалпына келтірген сәттен бастап барлық телеарналардың хабар таралымы штаттық тәртіпте жұмысын жалғастырады.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 маусым 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.