Қазақстандағы барлық такси көліктерін сары түске бояу ұсынылды. Бұл бастаманы "Ортақ жол" ("Общая дорога") Жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясы көтеріп отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ассоциация жетекшісі Әрсен Шәкуов айтып берді.
"Заңдастырылмаған такси қызметін қолданатын азаматтарға қарақшылық шабуылдардың көбеюіне байланысты, сонымен қатар заңсыз таксилермен күрес мақсатында ассоциация ҚР үкіметіне жеңіл таксилердің қаңқасының сары түске боялуы қажетті туралы ұсыныс жолдайды", - деп мәлімдеді Шәкуов.
Шәкуов ұсынысты жұмыс тобына жолдады, олар қазіргі уақытта "Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы туралы" жаңа Заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын жасап жатыр.
Бұл заң жобасының жасалып жатқанын ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің координациялық-құқықтық жұмыс басқармасының басшысы Қанат Сәдуақасов растады. "Жұмыс тобы құрылды. Депутаттар қазіргі уақытта бізге келіп түсіп жатқан барлық ұсыныстарды талқылап жатыр. ІІМ өкілдері жұмыс тобына сарапшы ретінде кіріп отыр. Жұмыс енді басталды", - деді Сәдуақасов.
Такси көліктерінің түсін сарыға бояумен қатар, "Ортақ жол" Жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясының өкілдері "Жол қозғалысы туралы" Заңды толықтырудың қажеттілігін және түнгі уақытта жаяу жүргіншілерді көрінетіндей болуды міндеттеу керек екенін мәлімдеді. "Егер адам жолдан түнгі уақытта өтіп келе жатса, оның жарықты шағылыстыратын элементтері болуы керек. Бірінші кезеңде елді мекендердегі жаяу жүргіншілерге қатысты ету керек", - деді Шәкуов.
Сонымен қатар, ассоциация депутаттарға жөндеу жұмыстары жүріп жатқан сәттегі жол қозғалысы қауіпсіздігіне назар аударуды ұсынды. "Жүргізушілерге нақты нұсқау болуы керек. Сонымен бірге, біз жүк автокөлігін және қызметтік машиналарды жарық шағылыстырғышпен белгілеуді ұсынамыз. Мұнымен қатар, жолдың қауіпті аумақтарын 1.30 деген белгіні флюоресцентті фонда іліп қоюды ұсынамыз", - деді Шәкуов.
Еске салайық, "Жол қозғалысы туралы" жаңа Заң 2014 жылдың 20 қазанында күшіне енген болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz