Астана полициясы қыздардың төбелескені түсірілген видеоны зерттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 21 маусымда таңертең "Шапағат" базарының маңында болды.
Видеодан екі қыздың асфальт бойында бір-бірінің шашынан тартып, төбелесіп жатқанын көруге болады. Қастарындағы жігіттер оларды ажырата алмай жатыр. "Оқиға орнына полицейлер барды, төрт қыз "Сарыарқа" аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Олардың екеуі Ақмола облысының тұрғыны, қалған екеуі Жамбыл облысы мен Астана тұрғындары. Қыздардың жастары 23-36 аралығында. Ұсталған қыздардың мас болғаны анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІД өкілі Астанадағы қыздардың төбелесі жайында.
Дереккөз: tengrinews.kz