Атырау, 27 қараша 13:45
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҰҚК басшысы Ислам мемлекетін ДАИШ деп атауды ұсынды

2 792 просмотра

Image 0Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымын ДАИШ деп атауды ұсынды.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымын ДАИШ деп атауды ұсынды.

"Өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын "Даиш" лаңкестік ұйымы шын мәнінде діни-экстремистік интернационалға айналды, онда түрлі елдердің ондаған мың азаматы мүше. Айта кетейік, саясаткерлер мен тілшілердің "Даишке" қатысты "Ислам мемлекеті" атауын қолдануын дұрыс деп есептемейміз. "Мемлекет" деген сөзді қолдану бұл жағдайда ұйымls бүркеме мәнде лигитимді етіп көрсетеді, бұл дегеніңіз қателік. Олар өздерін қалай атаса да, арнайы қызметтерде біз "Даиш" қысқармасын қолданамыз", — деді Әбіқаев Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында.

Оның айтуынша, бүгінде "Даиш" Хорасан халифаты идеясының таралуына белсенді әрекет етіп жатыр, оған Солтүстік Африкадан Орталық Азияны қосқанда Қытайға дейінгі кеңістік кіреді делінеді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА

29 маусым 2015, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.