Атырау, 6 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Бас прокуратура елімізде заңгерлер қажеттіліктен артық даярланып жатқанын алға тартуда

1 797 просмотра

Image 0

ЖОО-лардың көбісінде заңгерлер даярлығы қызметтің жанама түрі ретінде байқалып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстан Республикасында заңгер мамандарды даярлау туралы» республикалық форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Бүгінде еліміздегі 126 ЖОО-ның әрбір екіншісі заңгерлерді даярлап келеді. Жалпы соңғы 12 жылда 185 мыңнан астам заңгер даярланды. Сонымен қатар жаңадан оқып шыққан заңгерлердің саны төмендеген жоқ, яғни биылдың өзінде 18 мыңнан астам заңгер оқу бітірді. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғыдан 4 есе артық», - деді прокурор.

Оның сөзіне қарағанда, заңгерлерді даярлап жатқан ЖОО-лардың басым бөлігі бейінді емес. Олар үшін заңгерлік білім қызметтің қосымша түрі болып табылады, себебі бұл тұрғыда коммерциялық мүдде басымырақ. Осы орайда заңгерлік оқу орындары даярлаған түлектердің көбісі тиісті деңгейде оқытылмағандықтан, еңбек нарығында сұранысқа ие болмай отыр.

Сонымен қатар А. Кравченко әзірленіп жатқан реформалар аясында құқық қорғау жүйесі білікті мамандарды қажет ететінін, алайда, қазақстандық ЖОО-лар қылмысты зерттейтін криминологтарды қажетті көлемде даярлап шығаруға қауқарсыз екендігін қадап айтты.

Бүгінде криминологиялық талдау мен болжаудың қажеттігіне, сондай-ақ қылмыстық жеке түрлерімен күресте стратегияны әзірлеуге байланысты криминология ғылым мен оқу пәні ретінде қазіргі заманғы кезеңде айрықша өзектілікке ие болып отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 маусым 2015, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.