Атырау, 6 қазан 15:20
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​KAZAN SUMMIT-2015: Қазақстан Ресей экономикасына белсенді инвестиция салушы үш елдің қатарында

1 540 просмотра

Image 0

Ислам бизнесін дамыту және қаржы қорының (IBFD Fund) президенті Линар Якупов Ресей экономикасына белсенді инвестиция салып отырған Ислам ынтымақтастық ұйымының үш елін атады, деп хабарлайды Азертадж.

Татарстан БАҚ-тарының хабарлауынша, ол бұл туралы Қазан қаласында өткен Ресей және Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерінің Kazan Summit-2015 халықаралық экономикалық саммитінде айтқан.

«Ресей экономикасына белсенді инвестиция салып отырған үш елдің қатарында Түркия, Қазақстан және Әзербайжан бар. Басқа елдерден түсіп жатқан қаржылық ағымдар соншалықты көп емес, бірақ олар жылдан-жылға ұлғаюда», - деп атап өтті Линар Якупов.

Оның айтуынша, болашақта Ресей мен ИЫҰ арасындағы негізгі сауда салаларына энергия, металл, химия, ауылшаруашылығы өнімдері және азық-түлік өнімдері бағыттары жатады. Сондай-ақ туристік сала да зор мүмкіндіктер ашып тұр.

Шарада сөз сөйлеген Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов Kazan Summit саммиті Ресей үшін ислам әлемінің елдерімен жұмыс жасаудың негізгі алаңы болатынын атап өтті.

Саммитке 46 елден 700-ден астам адам қатысты. Оның қадірлі қонағы Ислам даму банкінің президенті Ахмед Мұхаммед Али әл Мадани болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 маусым 2015, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.