Атырау, 25 желтоқсан 03:32
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Террорзимді әлеуметтік желілер арқылы насихаттап жүрген екі ШҚО тұрғыны ұсталды

1 895 рет қаралды

Image 0Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департамент және облыстық ІІД қызметкерлері террорзимді әлеуметтік желілер арқылы насихаттап жүрген екі тұрғынын ұстады.

«12 маусымда ҚР ҚК 256 б. 2 т. бойынша (терроризмді насихаттау немесе террорлық актіге жариялы түрде шақыру, аталған мазмұндағы материалдарды тарату мақсатымен жасау, сақтау және осындай материалдарды тарату) қылмыстық істегі соталды тергеу аясында Аягөз қаласының екі тұрғыны ұсталды», - делінген бейсенбі күні прокуратура сайтындағы хабарда.

Хабарда айтылғандай, соталды тергеуге және ұстауға себеп болғаны - аталған тұлғалар әлеуметтік желілер арқылы терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттап, сондай-ақ Қазақстан азаматтарын халықаралық террорлық ұйымдардың құрамында соғысу үшін шетелге шығарып жіберумен айналысып жүргендігі.

Ұсталған тұлғалардың тұратын жерлерін тінту барысында олардан едәуір оқ-дәрілер, діни экстремизмді насихаттайтын әдебиеттер, аудио- және бейнематериалдар табылған.

Ұсталғандарға қатысты қамау шарасы қолданылды. Тергеу-оперативтік шаралар жалғасуда.

Дереккөз: ҚазТАГ

18 маусым 2015, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.