Атырау, 24 желтоқсан 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан әлем елдерінің бейбітшілік сүйгіштік рейтингінде 16 сатыға көтерілді

10 093 рет қаралды

Image 0Алматы. 18 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан Экономика және бейбітшілік институты түзген әлем елдерінің бейбітшілік сүйгіштік рейтингінде 16 сатыға көтерілді.

2015 жылы Қазақстан рейтингіде 162-нің ішінен 87-орынды алды, 2014 жылы ол 103-орында тұрған еді. Армения 91-орынды иеленді, Түркіменстан - 106, Тәжікстан – 108, Өзбекстан – 113, Қырғызстан – 121, Әзірбайжан – 132, Украина – 150, Ресей – 152.

Ең бейбітшілік сүйгіш елдер деп Исландия, Дания және Аустрия танылды, тізімді Ауғанстан, Ирак және Шам тәмамдап тұр.

АҚШ бейбітшілік сүйгіштік рейтингінде 94-сатыға тұрақтады, Қытай – 124.

Бейбітшілік сүйгіштік рейтингі 2007 жылдан бері «Адамзат келешектері» жаһандық жобасына дайындық аясында жыл сайын шығарылады. Рейтинг зорлық-зомбылық қылмыстар, саяси террор, қару-жарақ қолжетімділігі, ішкі жанжалдар, мемлекетті милитарландыру және т.б. секілді көрсеткіштердің негізінде есептеледі.

Дереккөз: ҚазТАГ

18 маусым 2015, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.