Атырау, 6 қазан 13:22
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды

2 439 просмотра

Image 0"Әліби ісі" бойынша үшінші күдікті Арман Әбілтаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҰҚҚКБ қызметкерлері "Арлан" арнайы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге жүргізген жедел-іздестіру іс шаралары кешені барысында аса ауыр қылмысқа барды деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген 1980 жылғы Арман Әбілтаев ұсталды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, іздеуде жүрген Арман Әбілтаев сырт келбетін өзгертіп жіберген. Ол Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. 24 жастағы жігітті соққыға жықты деген күдікпен кәсіпкер Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытков та ұсталды. Ал, үшінші күдікті Арман Әбілтаевке іздеу жарияланған болатын.

11 маусымда Астанадағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында "Әліби ісі" деп аталған мәселеге қатысты соттың алғашқы іс қарауы өтті. Сот тыңдауына Алена Жамалиева мен Айнұр Исина келді.

Дереккөз: tengrinews.kz

16 маусым 2015, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.