"Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге,мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға шақырамын", – делінген Бас мүфтидің үндеуінде.
АСТАНА, 15 мау — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан айындасу тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуге шақырды.
"Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған көпір мен жолды жөндеуге үлес қосуға, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын", – делінген Бас мүфтидің үндеуінде.
Сонымен қатар ҚМДБ төрағасы қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жеңілдік жасалып, Құдайы астар пен тойлар ауызашар уақытында ұйымдастырылса деген тілегін білдірді.
Дереккөз: newskaz.kz