Атырау, 25 желтоқсан 03:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Мемлекет басшысы Nazarbaev University-дің тұңғыш түлектеріне диплом табыстады

2 613 рет қаралды

Image 0Астана. 15 маусым. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nazarbaev University-дің тұңғыш түлектеріне диплом табыстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Сіздердің, университет тұңғыштарының, артынан басқа бітірушілер де ереді, бірақ оның тарихи тізімінің қатарында бірінші болу тап сендерге бұйырған ұлы құрмет», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні студенттердің университет бітіруіне арналған алғашқы салтанатта.

«Сендердің істерің бойынша университеттің даярлық деңгейін бағалайтын болады. өз альма-матерлеріңді ұятқа қалдырмайсыңдар деп үміттенемін», - деп толықтырды ол.

Президент бітірушілерден максимум жан-тәнімен берілуді, кәсіпқойлықты күтетінін баса айтты.

«Сендердің өз ісінің шебері болатындарыңа ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамның адами құндылықтарын барынша нығайтатындарыңа, өз Отанына қызмет етудің жоғары үлгісін көрсететіндеріңе айрықша үміт артамын», - деп қадай айтты ол.

Nazarbaev University Қазақстан президентінің бастамасы бойынша 2010 жылы құрылды. Оның алғашқы түлектері 446 студент болды, соның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, North Caspian Operating Company дамуды зерттеу жөніндегі бас менеджері Мұхтар Тәжіғалиев және «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры – басқарма мүшесі Талғат Сәрсенбаев бар.

Университеттің негізі қаланған сәттен бергі студенттердің жалпы саны 2,8 мыңға дейін жетті. Жыл сайын 500 адам грант иегерлері атанады.

Дереккөз: ҚазТАГ

15 маусым 2015, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.