Атырау, 27 қараша 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ресейде автокөлік сатып алу тиімсіз болуы мүмкін

1 565 просмотра

Image 0Ресейде автокөлік сатып алу тиімсіз болуы мүмкін, - деп хабарлайды"Колеса". "Автостат" агенттігінің сарапшылары рубльге шаққандағы доллар мен еуро бағамының өсіміне байланысты автокөліктің қымбаттауын болжап отыр.

Өткен жылдың аяғында рубль құнсызданып, автокөлік өндірушілер баға көрсеткіштерін өзгерте бастаған болатын. Ол кезде шоу-румдағы автокөліктер 20-40 пайызға қымбаттап, кейбір компаниялар ресейлік нарықтан мүлдем кетуге шешім қабылдады. Олардың қатарында Opel мен Chevrolet-ті өткізуді тоқтатқан GM бар.

"Бұл жағдай наурыз айынан бастап оңала бастады, ол кезде рубль бағамы тұрақтанып, дилерлер көтерген бағаларын түсіріп, түрлі акциялар өткізді, жаппай сатылым болып, арнайы ұсыныстар мен тағы да басқа шаралар қолға алынды. Қазіргі таңда автокөліктердің бағасы 5-15 пайызға төмендеген", - делінген жарияланымда.

Алайда соңғы екі апта ішінде валютаның 10-12 пайызға қымбаттауы сарапшыларды алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, рубль бұдан әрі құнсыздана беретін болса, шілде айына қарай жеңілдіктердің басым бөлігі тоқтатылып, кезекті қымбатшылық болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 маусым 2015, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.