Экстремизм және терроризмді ақтау үшін исламды пайдалану дінді қорлаушылық, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезі аясында.

"Ислам мемлекеті деп аталатын акциялар түріне енген ғаламдық терроризм қауіпті кезеңіне көшті. Жалған діни көзқарастардың ықпалымен жауынгерлер Ирак пен Сириядағы мыңдаған жылдар өркениетінің мәдени мұраларын әдейілеп қиратып жатыр, басқа діндерді жақтаушыларды, журналистерді және волонтерларды жұрт алдында жазалаудың жан түршігерлік көріністерін интернет арқылы таратуда", — деді Назарбаев.
"Исламды терроризм мен экстремизмнің кез-келген формасын ақтап алу үшін пайдалануға ұмтылу көріністері де орын алып отыр. Бұл — дінді қорлаушылық. Мен бүгінгідей күрделі заманда барлық дін қайраткерлерін өздерінің уағыздарында бейбітшілікке, толеранттылық пен кешірімге шақыруды еселеуге үндеймін", — деп қосы ол.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.