Атырау, 27 қараша 11:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ақтөбе облысында үй жануарларын пастереллезге қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде

2 684 просмотра

Image 0Ақтөбе. 9 маусым. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында үй жануарларын пастереллезге қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Біз ақбөкендер қырылған шекаралас аудандарда үй жануарларын пастереллезге қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін қазірдің өзінде 10 мыңдай вакцина сатып алынды», - деді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Құсайын Сәрсембай сейсенбіде.

Хабарда айтылғандай, бірнеше күн бұрын Әйтеке би ауданындағы шаруа қожалығында 4 жылқы, Ырғыз ауданында 18 бұзау, 2 сиыр мен 3 жылқы қырылып қалған. Шаруалар үй жануарларының өлімін ақбекендердің қырылуымен байланыстырып отыр. Ауыл шаруашылық басқармасында да бұл нұсқаны жоққа шығармайды және сараптама нәтижесін күтуде. Малдардың қырылу себебін анықтаумен Алматының аграрлық университетінің ғалымдары айналысуда.

Егер үй жануарларының пастереллезден өлгені анықталса фермерлерге өтемақы төленуі мүмкін.

Дереккөз: ҚазТАГ

9 маусым 2015, 20:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.