Атырау, 27 қараша 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Астана Қырғызстанмен шекарадағы сенім шаралары туралы келісімді ратификациялады

1 835 просмотра

Image 0Келісімнің мақсаты тату көршілік пен достық қатынастарды дамыту, ұзақ мерзімді тұрақтылық жағдайын сақтау, мемлекеттік шекара ауданындағы өзара сенімді нығайту болып табылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Келісімнің мақсаты тату көршілік пен достық қатынастарды дамыту, ұзақ мерзімді тұрақтылық жағдайын сақтау, мемлекеттік шекара ауданындағы өзара сенімді нығайту болып табылады.

Заң Қарулы күштердің және шекаралық ведомстволардың әскери бөлімдерінің арасындағы байланысты дамытуға, консультациялар өткізу және келісілген іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

9 маусым 2015, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.