Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ – Венаның аппеляциялық соты ҚР ҰҚК экс-басшысы Әлнұр Мұсаев пен ҚР Аустриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевтің көмекшісі Вадим Кошлякты қамаудан босату туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлады аустриялық Vienna.at. басылымы.
«Дүйсенбі күні таңертең ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Қазақстанның экс-елшісі Вадим Кошляк қайтадан қамауға алынды. Олар Нұрбанктің екі топменеджерін ұрлап әкетіп, өлтірген деп айыпталуда және «Әлиевтің ісі» бойынша өтеді. Бірақ сот барысында қарама-қайшы көрсетулер алынғалы себепті босатылған болатын. Енді аппеляциялық сот оларды босату туралы шешімнің күшін жойды», - делінген жарияланымда.
Бұл ретте, соттың оларды қамауға алу туралы шешімін күдіктілердің адвокаты растады, бірақ сотта қабылданған осы шешімнің себебі айтылмады.
Бұрын хабарланғандай, 29 сәуірде Венаның өңірлік сот судьясы Андреас Боом қамаудан Ә. Мұсаев пен В. Кошлякты «Қазақстаннан келген қарама қайшы ақпараттар себепті» босату туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде австриялық прокуратура айыптыларды босатуға қарсылық танытты.
Енді не болатынын жоғарғы сатыдағы сот шешеді. Оған дейін айыптылар еркіндікте жүреді. Сот үдерісі толығымен аяқталған жоқ.
Бұрын хабарланғандай, Венада ҚР ҰҚК экс-басшысы Әлнұр Мұсаев пен ҚР Аустриядағы экс-елшісі Рахат Әлиевтің көмекшісі Вадим Кошляктың үстінен сот басталды.
Еске салсақ, 2014 жылы 5 маусымда Австрия Республикасының құқық қорғау органдары Венада Р. Әлиевті ұстаған. ҚР бас прокуратурасының мәліметтерінше, Р. Әлиевті ұстауға негіз болғаны «Нұрбанк» АҚ топ-менеджерлері Ж. Темірәлиев пен А. Хасеновтерді ұрлап әкетіп, өлтіру дерегін тергеу болып отыр. Адам өлтіру дерегі бойынша ҰҚК экс-басшысы Әлнұр Мұсаев пен Р. Әлиевтің көмекшісі В. Кошляк та қамауға алынды. 2015 жылғы 24 ақпанда Р. Әлиев аустриялық түрмеде өлі күйінде табылды.
2008 жылы Р. Әлиев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жасаған және адамдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ құрған деген айыппен, сот үкімімен барлығы 40 жылға бас бостандығынан айырылған.
Дереккөз: ҚазТАГ