Атырау, 11 наурыз 09:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Россельхознадзор Қазақстандағы киіктердің қырылу себебін геморрагиялық септицемия деп атады

2 337 рет қаралды

Image 0Алматы. 8 маусым. ҚазТАГ – Россельхознадзор Қазақстанның солтүстігіндегі киіктердің қырылу себебін геморрагиялық септицемия деп атады, деп хабарлады РФ федералды ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметінің баспасөз қызметі.

«2015 жылдың 1-2 маусымында Россельхознадзорға ведомстволық бағынышты «Федералды жануарлар денсаулығын қорғау орталығы» ФМБМ аса қауіпті аурулар бойынша референттік зертхана қызметкерлері ҚР Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарының киіктерінен алынған патматериалға зерттеу жүргізді», - делінген Россельхознадзор хабарында.

Сөйтіп, орталық мамандарының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде аусыл, ҰҚМ обасы, қой-ешкі шешегі мен блютанг жоққа шығарылды.

«Зерттелген барлық сынамалардан В типті Pasteurella multocida табылды – геморрагиялық септицемия қоздырғышы», - деп атап көрсетілген хабарда.

Орталық қызметкерлерінің қорытындысына сай, анықталған дерт Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуына себеп болған.

Геморрагиялық септицемия – дертке шалдыққан жануарлар өлімінің жоғары деңгейімен сипатталатын өткір септикалық ауру.

Дереккөз: ҚазТАГ

8 маусым 2015, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.