ҰБТ-2015 уақытындағы алты күн ішінде бес түлек 125 балл жинады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
125 балды бес түлек алды: Ердосова Гүлназ Жандосқызы - Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мұстафина Риана Еркінқызы - Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Қуанышқызы, БҚО Теректі ауданындағы "Үміт" лингвистикалық мектебі; Абдазимова Лаура - ОҚО Түлкібас ауданындағы үш тілде білім беретін, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат және Яковлева Анастасия Владимировна - №90 лицей, Алматы қаласы. 2014 жылы төрт түлек ең жоғарғы балды алған болатын.
Еске салайық, ҰБТ 165 пунктте өтті. Өтініш берген 85 856 түлектің 80980-і қатысты (94,3 пайыз). Орташа балл - 79,5. 50 балл міндетті межені 65 947 түлек (81,4) өтті. 14 133 (17,5 пайызы) түлек 100 балдан жоғары көрсеткіш жинады.
Дереккөз: tengrinews.kz