Атырау, 27 қараша 11:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ақтөбеде 8 адам терроризмге қатысты сотқа тартылды

2 332 просмотра

Image 0Ақтөбе облыстың соты “лаңкестікті насихаттады" деген күдікпен 8 адамға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

"Қылмыстық кодекстің 233-1-бабының 2-бөлігі мен 164-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасады" деп айыпталушылар - Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облысының тұрғындары.

"Күдіктілер 2014 жылы WhatsApp хат-хабар алмасу қосымшасы арқылы "Оқы, қара, тыңда. Амал жаса" деген атпен топтық чат құрған. Чаттық топты 1989 жылы туған ақтөбелік ашқан. Топ мүшелері бір біріне радикалды- экстремистік аудио-бейнероликтер мен текстік файлдар жолдап тұрған" дейді сот. Тергеушілер дерегінше, топтық чатқа Ақтөбе қаласы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінде тұратын, дін жолын ұстанатын 57 адамның қосылғаны да белгілі болған.

Сот баспасөзі қызметінің хабарлауынша, тергеу таққан айып дәлелденсе, 8 маусым күні шығуы мүмкін сот үкімі күдіктілерді үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесуі мүмкін.

Дереккөз: azattyq.org

5 маусым 2015, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.