Атырау, 27 қараша 11:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қостанай облысындағы үй жануарлары қырылуының киіктермен байланысы жоқ

3 393 просмотра

Image 0"Біздің алдын ала деректеріміз бойынша, қырылудың себебі жұқпалы емес дертте. Киіктердің қырылуы мен бұл малдың қырылуы арасында байланыс жоқ", - деп түйді ол.

АСТАНА, 5 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Қостанай облысының екі шаруа қожалығындағы 16 бас малдың қырылуы өңірдегі таяуда орын алған киіктердің қырылуымен байланысы жоқ, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына облыс әкімдігі ветеренария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай.


Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында киіктердің жапай қырылуы орын алып, 127 мыңнан астам жануар қырылды. Қостанай облыстындағы киіктердің қырылу себебі пастереллез делінген.


"Біз Жангелді ауданына комиссия жібердік. Соңғы мәліметтер бойынша, 28 мамырдан бүгінгі күнге дейін 700 бас ірі қара малы бар шаруа қожалығында өлген жеті мал басы табылды, ал 200 бас малы бар екінші қожалықта — 9 бас мал өлген. Жалпы 16 бас (мал қырылды) болып тұр", — деді Қайыпбай агенттікке телефон арқылы.


"Біздің алдын ала деректеріміз бойынша, қырылудың себебі жұқпалы емес дертте. Киіктердің қырылуы мен бұл малдың қырылуы арасында байланыс жоқ", — деп түйді ол.

Дереккөз: newskaz.kz

5 маусым 2015, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.