Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Украинада Сирияға бет алған «Ислам мемлекетімен» байланысты деген шетелдік күдіктілер ұсталды. Ұсталғандар арасында – Қазақстан азаматы да бар, деп хабарлады Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ).
«3 маусымда УҚҚ Украина мемлекеттік көші-қон қызметімен «уақытша аялдайтын» пункт анықтады. Осы қосынды «Ислам мемлекетінің» мүшелерін уақытша жасыруға пайдаланған. Тексеру барысында 5 шетелдік азамат анықталды: екі РФ азаматы, сондай-ақ Өзбекстанның үш азаматы, Тәжікстан және Қазақстан азаматы», - делінген УҚҚ сайтында жарияланған хабарда.
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері анықтағандай, аталған шетелдік азаматтардың кейбіреулері террорлық әрекеттерге қатысты болуы себепті Украинаға Түркиядан қуылып шығарылғандығы анықталды. Басқа шетелдіктер жақында ғана Украинаға Еуропадан келіпті.
«Анықталған «Ислам мемлекетінің» өкілдері осы құрылымның мүшелері арқылы Түркия арқылы Шамға аттану үшін жасанды төлқұжаттар тауып беруін күтіп жатыпты», - деді УҚҚ.
Қабылданған шара нәтижесінде үш шетелдікке Украинада жүріп-тұру мерзімі қысқартылып, қалған екеуіне қатысты өздерінің елдеріне мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылданды.
Дереккөз: ҚазТАГ