Атырау, 7 желтоқсан 03:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

ҰБТ-ның үшінші күнінде ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды

2 669 рет қаралды

Image 0Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінің қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 2 оқушы алды: олар – БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі Сымбат Қуанышқызы Самат және ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Лаура Әбдіәзімова, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰБТ 61 бекетте өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 59 195 түлектің 56 318-і (95,1 %) қатысты.

Орта балл – 78,4. 2014 жылы – 77,1. 100 балдан жоғары нәтижені 3 154 (16,4%) оқушы көрсетті. 2014 жылы – 4 018 (16,7%).

125 балды 2 оқушы алды: олар – БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі Сымбат Қуанышқызы Самат және ОҚБ Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі Лаура Әбдіәзімова. 2014 жылы – 0. 9 түлектің тестілеу нәтижелері жойылды.

50 балдық шекті деңгейдіен 3 992 түлек (20,7%) өте алмады. 2014 жылы – 5 829 (24,2%).

Айта кетейік, тестілеу нәтижелері ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілініп, Ұлттық тестілеу орталығы сайтына енгізіледі.

Дереккөз: bnews.kz

5 маусым 2015, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.