Атырау, 27 қараша 09:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн - Б.Дойл

1 305 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бюджетіне қосымша салмақ түсірмеу үшін босқындарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін берген жөн. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өңірлік өкілі Бернард Дойл осылай еді.

«Қазақстан тұрақты әрі бақытты ел. Сондықтан да менің ойымша, осы жерге келген босқындар да өздерін Қазақстан аумағында тұрғандары үшін бақытты сезінеді. Өйткені, біздің қамқорлығымыздағы босқындарға барлық мүмкіншіліктер беріліп, әлеуметтік қызметтерге, білім алуға, жұмыс істеуге қол жеткізіп отыр», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан өз аумағында тұрып жатқан босқындарды біріктіруге барлық мүмкіндігі бар. Жалпы, босқындарға мемлекеттік органдар, ең алдымен Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрлігі тарабынан зор көмек көрсетілуде.

«Қазақстанда босқындарға толыққанды жұмысқа орналасу үшін мүмкіндік берген жөн. Бұлай болған жағдайда олар өздерін-өзі қамтамасыз етіп, ел бюджетіне қосымша салмақ түсірмейтін еді», - деді Б.Дойл.

Дереккөз: inform.kz

5 маусым 2015, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.