Атырау, 27 қараша 09:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қостанай облысында үй жануарлары қырыла бастады

2 465 просмотра

Image 0Қостанай облысында үй жануарлары қырыла бастады, деп хабарлайды 24.KZ.

Соңғы екі аптаның ішінде Жангелді ауданында 20 ғана үй тұратын Албарбөгет ауылында 55 сиыр мен 16 жылқы қырылды. Мал індеті Кеңес, Аралбай, Көкала, Қарақоға және Мыйлысай, сонымен қатар мал шаруашылықтарында байқалып отыр. Мал дәрігерлері егер малдың қырылуының себебі құтыру болса, онда оның адамға да қауіп тудыратынын ескертті. Бірақ әзірше адамдарға жұғу дерегі тіркелмеді.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, зардап шеккен шаруашылықтар мен елді мекендер биыл киіктер қырылған "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватына таяу жерде орналасқан. Айта кетейік, елімізде 112 мыңнан астам киік қырылды. Жануардың қырылу себебін мамандар пастереллез деп атаған болатын, бірақ Ресей мамандары бұл диагнозды күмәнді деп санайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 маусым 2015, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.