Атырау, 6 қазан 09:30
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Назарбаев шетел инвесторларын Қазақстанның агроөндірісін дамытуға шақырды

1 721 просмотра

Image 0

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторларының 28-ші кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инвесторларды Қазақстанның агроөндірісін дамытуға шақырды.

«Барлық әлеуетті инвесторларды Қазақстанға, оның ішінде агробизнеске де инвестиция салу мүмкіншілігін барынша тыңғылықты зерделеуге шақырамын. Бүгін ғана маған жекелеген компаниялардың басшылары жоғары халықаралық стандарттарға сай сиыр еті өндірісін жолға қою туралы ұсыныс жасады. Мен Үкіметке бұл ұсынысты қолдауды және аталған компаниялармен келіссөздер жүргізуді тапсырдым», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы өз сөзінде барлық инвесторларды Қазақстанның агроөндірісін дамытуға үлес қосуға шақырды.

«Оның барлығымызға да тиімді болатындығына сенімдімін», - деді ҚР Президенті.

Дереккөз: inform.kz

4 маусым 2015, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.