Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты әрі бірнеше компанияның иесі Мейіржан Өндіргеновтің қамауға алынуы туралы істің жай-жапсары анықталды. Кәсіпкердің бұрынғы серіктесі Бауыржан Пірманов тілшілерге Өндіргеновтің қаржы махинациясы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Диапазон".
"Құрылтайшы Өндіргеновпен келіспеушіліктер көп болды, мен 2012 жылы жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Келіспеушіліктер салық салу ісіне келгенде басталды. Оның үлкен жақтаушылары болды, бірақ қазір оның басы дауға қалды. Ол менің арызым арқылы бопсалау бойынша қамауға алынды. 2012 жылы мен бәрін оның атына жазып бердім. Ол өз атына жаздыруға мәжбүр етті, көлікті алып қойды. Ол бәрін сатып ала алатынын айтты. Бұрын "Автопарк" ЖШС-ның күн сайынғы табысы 5,6 миллион теңге болған, жол жүру құны қымбаттағаннан кейін шамамен 8 миллионға өсті. Сонымен қатар, жыл сайын автопарк бюджеттен 800 миллион теңге алып тұрады. Салық есебінде ол тақырға отырғанын мәлімдейді, ал бұл табысы қыруар ЖШС. Ол екі жақты бухгалтерия ұстады, қаражатты компанияға аударды. Тінту жүргізілгенде оның қыруар қаржысы тәркіленді. Оны адамдар машинкамен 5 сағат санады", - деді Пірманов.
Ал автопарктың қазіргі жұмысшыларының баспасөз өкілдеріне айтқан сөзі келесідей болды. Олардың айтуынша, жұмысшыларға жалақы төленбейді және орындалмаған жоспар үшін олардың мойнына қарыз ілінеді. "№15 автобусында жұмыс істегенімде күн сайынғы жоспар 32 мың теңге болды, оған 10 мың теңге отынға қосылады, - деп әңгімелейді автопарк жүргізушісі Мейрамбек Өтепбергенов. - Мен жоспарды орындай алмадым, күн көретін ақша болмады, табыстан 3 мың теңге алып тұрдым, бірақ маған 5 мың теңге береміз деп уәде еткен. Қалған 25-27 мыңды өткізіп тұрдым. Жоспарды орындау үшін жындыша ұшуымыз керек. №26 маршрутқа ауысқанымда шамамен бір жылдай жалақының бетін көрмедім. Жоспарды орындамағаным үшін қарызымның жиналғанын айтты".
Ал тағы бір жүргізуші немерелерімен далада қалғанын айтты. "2008 жылы автопарк жұмысшылары үшін ауылда Жаңа үй салып бердім. Ашылу салтанатына әкім Елеусін Сағындықов келген еді. Ай сайын 32 мың теңге төлеп тұратынымызды айтқан. Кейін бұл цифр 60 мың болды. Бұл соманы төлеу мүмкін емес. Өндіргенов жұмысшыларды көзге көрінбес қателігі үшін пәтерден шығарды", - деп мәлімдеді Нығметбай Ермаханов.
Еске салайық, Мейіржан Өндіргенов 30 мамырда аса ірі көлемде қаржы бопсалады және өлтіремін деп қорқытты деген күдікпен ұсталған болатын. Депутат екі айға қамауға алынды. Депутатқа тағылып отырған айыптау баптары 7 жылдан 15 жылға дейін мүлкін тәркілеу арқылы бас бостандығынан айыруды және 200 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады.
Дереккөз: tengrinews.kz