Атырау, 6 қазан 09:32
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Түркияда қазақстандық Tengri Travelsystem туроператорының 70-тей клиентін отельдерден шығарып тастап жатыр

1 286 просмотра

Image 0Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Компания қызметін тоқтатуы себепті Түркияда қазақстандық Tengri Travelsystem туроператорының 70-тей клиентін отельдерден шығарып тастап жатыр, деп хабарлады Қазақстан турагенттіктері қауымдастығы (АТАК).

«Бүгін Алматы уақытымен 2.40 сағатта Tengri Travelsystem туроператорының сайтында оның жұмысын тоқтататындығы туралы хабар жарияланды. Біздегі мәліметтер бойынша Түркияға 28 мамырда ұшып кеткен туристерге бүгін Түркия уақытымен 12 сағатта қонақ үйлерінен шығарып жібереді, немесе, қайтадан төлеуді сұрайтын болады. Оның үстіне бізге белгілі болғандай, олардың кері қайтар билеттері төленбеген. Осы жағдай 70-ке тарта туристі қамтиды», - деді сәрсенбі күні ҚазТАГ-қа АТАК-тың ресми өкілі Денис Кривошеев.

Оның айтуынша Tengri Travelsystem жағдайы осымен аяқталатынын бұрыннан АТАК болжаған.

«Біз оны ашық айта алмадық, себебі бізді жағдайды ушықтырып отыр деп айыптаған болар еді. Жағдайдың күрделі екендігін біз жұмсақ түрде мүмкіндігінше айтып келдік, туризм индустриясы департаментін де ескерттік», - деді Д. Кривошеев.

Tengri Travelsystem жетекшісі өткен аптада нарық өкілдерімен кездесіп, жағдай толық бақылануда деп сендіріпті.

«Бізге хабарлағандай, ешкім де өзін тексеріп жатпағанын байқаған ол (Tengri Travelsystem жетекшісі – ҚазТАГ) елден кетіп үлгерген және ол қазір Еуропада жүр екен», - деді Д. Кривошеев.

Бұл ретте ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм индустриясы департаментінде меморган өкілдері ҚР сыртқы істер министрлігі мен Түркиядағы ҚР елшілігін осы жағдай туралы хабардар еткенін айтты.

Меморгандар осы жағдайды шешу жолын қарастырып жатыр.

Өз кезегінде АТАК зардап шеккендерге көмек көрсету үшін штаб құрып, меморгандар, авиакомпаниялар, қабылдаушы компаниялар, сақтандырушылар арасында байланыс орнатып жатыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 маусым 2015, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.