Атырау, 27 қараша 09:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ҰБТ-2015: Алматыда тестілеуге бір топ оқушының орнына бөтен адамдар кірген

1 671 просмотра

Image 0ҰБТ-2015 сынағының бірінші күнінде Алматыда тестілеуге бір топ оқушының орнына бөтен адамдар кірген, - деп хабарлайды "КТК"телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні салтанатты шаралармен ғана емес, сонымен қатар, жанжалмен де есте қалатын болды. Мәселен, түлектердің бірқатары шпаргалкамен және ұялы телефондармен ұсталса, екіншілері тестілеуге өзінің орнына басқа біреулерді кіргізбекші болған. Ең сорақысы, Алматы қаласында тестілеудің бірінші күнінде бір топ оқушының орнына мүлдем бөтен адамдар кіріп, мемлекеттік сынақ тапсырып шықпақшы болған жерінде ұсталды. Алматы қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлері арнайы операция ұйымдастырып, оқушылармен қатар ұйымдастырушылардың да қулығын ашты.

Мұнымен бірге, қалалық ҰҚК департаментінің қызметкерлері жүргізген тергеудің мәліметінше, бөтен адамды сынаққа кіргізу үшін ұйымдастырушылар көп қаражат алған. ҰҚК департаментінің Алматы қаласы бойынша тергеу басқармасының басшысы Қайыржан Камзаевтың айтуынша, биыл ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаментінің назарына Алматы қаласының бірқатар тұрғыны түскен. "Олар тиісті қаражат үшін ҰБТ тапсырудың қорытындысында түлектердің жоғарғы балдарды заңсыз алуын қамтамасыз етумен айналысқан. Сома 2500-3000 АҚШ доллары арасында", - деді Қамзаев.

Алматы қаласы бойынша жалпы 18 оқушының орнына бөтен адам кірмекші болды. Олардың тестілеуде алған балдары жойылды. Қазіргі уақытта өзге де қылмыстық топтарды анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 маусым 2015, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.