"Біз бұрындары да бірнеше рет айтқанымыздай, қазақстандықтың ғарышқа ұшуы мүмкін. Ол туралы келісім жасалды, бірақ ол ұшудың нақты мерзімі белгіленген жоқ, келіссөздер жалғасуда", - деді ол.
АСТАНА, 2 мау – Қазақстан жаңалықтары АА. Байқоңырдағы келіссөздер барысында қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына ұшуы туралы түбегейлі келісімге қол жеткізілді, бірақ үміткердің есімі мен оның ұшу мерзімі белгіленген жоқ, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Роскосмостың ресми өкілі Игорь Буренков.
"Біз бұрындары да бірнеше рет айтқанымыздай, қазақстандықтың ғарышқа ұшуы мүмкін. Ол туралы келісім жасалды, бірақ ол ұшудың нақты мерзімі белгіленген жоқ, келіссөздер жалғасуда", — деді ол.
Осының алдында Қазғарыш ресейлік тараппен әнші Сара Брайтманның ұшудан бас тартуына байланысты, оның орнына ғарышкер Айдын Айымбетовты Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшыру мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлаған болатын.
Дереккөз: newskaz.kz