Қазпоштаның Астанадағы бөлімшесіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін таңертең 11-бөлімшенің жертөлесі арқылы кіріп біреулер қабырғаларын қиратты. Ештеңе ұрламаған. Бұл алдын ала мәлімет, құқық қорғау органдары қазір сол жерде жұмыс істеп жатыр. Бұл вокзал ауданында орналасқан пошта бөлімшесі. Бұл аудан жалпы - криминалды. Ол жерде біздің күзет агенттігіміз жұмыс істейді, құқық қоргау органдарына хабар берген де солар. Бөлімше жұмысына ертең кіріседі, бүгін ол жердегі құқық қорғау органдарының мамандары тиісті шараларды жүргізеді", - деп хабарлады "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов.
Айта кетейік, бұл айдың басынан бері Қазпошта бөлімшесіне бірінші рет шабуыл жасалып отырған жоқ. 6 мамырда "Қазпошта" АҚ-ның Екібастұздағы бөлімшесіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 50 миллион теңгені қолды қылды. Жедел ақпарат бойынша, оқиға 6 мамырда түнде болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, поштаны тонағандар әлеуметтік төлемге арналған қаражатты алып кеткен.
Дереккөз: tengrinews.kz