Қазақстанда көлеңкелі экономикадағы қылмыстар саны бойынша жалған ақша жасау фактілері бірінші орында тұр. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен брифинг барысында ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Абзал Байманов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Республика бойынша биылғы жылдың үш айында көлеңкелі экономика саласында 1311 қылмыс жасалған. Оның ішінде, жалған кәсіпкерлік бойынша 306 қылмыс, салық төлеуден жалтарған 147 қылмыс, экономикалық контрабандаға қатысты 96 қылмыс, мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сақтау бойынша 25 қылмыс, алкогольді өнімнің заңсыз айналымы бойынша 72 қылмыс, заңсыз ойын бизнесі бойынша 85 қылмыс, жалған ақша жасауға қатысты 580 қылмыс тіркелген», - дейді А.Байманов.
Комитет басшысының орынбасары атап өткендей, көлеңкелі экономикамен күресте жалған кәсіпкерлік пен жалған ақша жасау фактілерімен күрес күшейген.
Дереккөз: bnews.kz
20 мамыр 2015, 17:39
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.