Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі сот залынан.
2015 жылғы 6 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Ербол Ахметжанов Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановты 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
"Алқа қаулы етті: Нұрлан Жоламанов пен Қайрат балмағамбетовке қатысты шыққан үкімнің қылмыс әрекетін саралау және қылмыстық жаза тағайындау бөлігін өзгеріссіз қалдырып, осы үкімнің мүлкті тәркілеу бөлігін өзгертіп, 2014 жылғы 28 қазанда мүлікке тыйым салынған Жоламанова Әйгерімнің атына тіркелген Астана қаласы Орынбар көшесі, 21/1 мекен жайы бойынша орналасқан пәтерді тәркілеуге қатысты бөлігінің күші жойылсын. Қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын", - деді Жоғарғы сот судьясы Қыдырхан Сихымбаев.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.