Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы биыл 18 маусымда басталады, деп мәлімдеді Қазақстан мсұсылмандары діни басқармасының наиб муфтийі Серікбай қажы Ораз.
"Биыл Рамазан айы 18 маусымда басталады", - деді Серікбай қажы ҚМДБ президиумының отырысында.
Ол республиканың барлық азаматтарын Рамазан кезінде қайырымды және игі істер жасауға шақырды.
"Кәсіпкерлерді қайырымдылық істеріне, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккен халыққа ерекше назар аударуға шақырамыз. Сондай-ақ, мүмкіндігінше көлік компанияларынан жол ақысына бағаны төмендетуді сұраймыз", - деп атап айтты наиб муфтий.
Оның айтуынша, биыл пітір садақаның көлемі өткен жылдағыдай 200 теңгені құрайды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.