Атырау, 27 қараша 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстандық мұрағатшылар ГФР мен РФ-да соғыс жылдарында тұтқынға түскен отандастары туралы ақпарды іздеумен айналысады

2 168 просмотра

Image 0Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Екінші дүниежүзілік соғыстағы әскери тұтқындар туралы ақпарат іздеу жобасы аясында қазақстандық мамандар Ресей мен Германия мұрағаттарынан отандастарымыз туралы деректер іздестіретін болады, деп хабарлады ҚР елбасы мұрағатының директоры Борис Джапаров.

«Біз биыл ресейлік және германиялық мұрағаттарға (мамандарымызды – ҚазТАГ) іссапарға жіберуді жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат - іздеу жұмыстарын тереңдету (Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға түскен қазақстандықтар туралы – ҚазТАГ)», - деді Б.Джапаров сейсенбідегі брифингте.

Ол ҚР президентінің мұрағатында биыл Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түскен қазақстандықтарды іздестіру жобасының басталғанын мәлімдеді.

«Аталмыш жоба бойынша ғылыми кеңес құрылды, оған Қазақстанның жетекші ғалым-тарихшылары кірген. Ол тізімді қалыптастырудың тұжырымдамасы мен әдістемесі әзірленді. Біз қазір әскери тұтқындар бойынша республикалық мәліметтер базасын жасап жатырмыз. Сайт аштық, оған кіріп, қарай аласыз», - деп түсіндірді ол.

Б.Джапаров сайт жұмыс жасаған бір ай ішінде оған 6 мыңнан астам адамның кіргенін айтты.

«Ғалымдардың айтуынша, қазақстандық әскери тұтқындар саны шамамен 200 мың адамға жеткен. Бүгінде ол базаға 30 мыңдай қазақстандықтың аты енгізілген, алдағы уақытта бұл тізім қоры 50 мыңға дейін жеткізіледі», - деді директор.

«Аталмыш тізімді қалыптастыру үшін біз Қазақстанның облыстық қорғаныс департаментімен, облыстық мұрағатпен, Ресей Федерациясының мұрағатымен, Германияның әскери мұрағатымен жұмыс жасаймыз. Бізге Қазақстанның еуропа елдеріндегі елшіліктері, парламенттік комиссия көмектесіп жатыр», - деп толықтырды Б.Джапаров.

Сөз қорытындысында ол жобаны жүзеге асыру, атап айтсақ, мұрағат құжаттарын іздестіру және онымен танысу көп уақыт алатынын атап өтті.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 мамыр 2015, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.