Қазақстан Халық банкі (Halyk Bank) – Forbes (Forbes Global 2000) қаржы-экономикалық журналы құрған дүниежүзіндегі екі мыңнан аса ірі компанияның жыл сайынғы жаһандық рейтингіне кірген жалғыз қазақстандық компания атанып отыр, деп хабарлайды Bnews.kz.
2015 жылы Halyk Bank 1608 орынға ие болды.
Банктің нарықтық капиталы – $2.1 миллиард.
Активтері – 15.4 миллиард АҚШ доллары.
Түсімі – 1.7 миллиард АҚШ доллары.
Кірісі – 637 миллион АҚШ доллары.
Forbes журналы соңғы он екі жыл бойы екі мыңнан аса ірі компанияның дәстүрлі рейтингін жасап келеді. Ол түсім, кіріс, активтер мен нарықтық капиталдандыру сияқты көрсеткіштерді есепке алады.
Биылғы рейтингте әлемнің алпыстан аса ірі компаниясы қамтылды. Бұл рейтингте тізімді кірісі 166.8 млрд долларға тең Қытайдың ICBC компаниясы бастап тұр. Үздік төрттікте қытайлық алпауыт компаниялар – China Construction Bank, Agricultural Bank of China және Bank of China жайғасқан. Одан кейінгі орындарда АҚШ-тың Berkshire Hathaway, JPMorgan Chase, Exxon Mobil компаниялары келеді.
Forbes Global 2000 толық тізімімен мына сілтемеге басып, танысуыңызға болады: http://www.forbes.com/global2000/list/.
Дереккөз: bnews.kz
19 мамыр 2015, 11:06
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.