Павлодарда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалады деп айыпталған «Версия» газеті редакторының қамалғаны туралы хабарлағанбыз.
Informburo.kz сайты бұл оқиғаға қатысты тағы бір деректі жариялады.
Естеріңізде болса, Ярослав Голышкин Қанат Бозымбаевтан $500 мың көлемінде ақша бопсалады деген айыппен ұсталған болатын.
Журналистің басылымдағы әріптестерінің айтуынша, Голышкин Қанат Бозымбаевтың ұлы Дәурен Бозымбаевтан жәбір көрген қызбен видеосұхбат жүргізген.
Жас қыз облыс әкімінің ұлы Дәурен Бозымбаевты әкімдікке жақын жердегі коттедждердің бірінде зорлады деп айыптаған.
Қыздың полицияға арыз бергені анықталды. Бүгінде қыз зорлағаны туралы дерек нақтыланды.
Алайда, тергеудің ресми нұсқасы бойынша, студент қызды Дәурен Бозымбаев емес, оның достарының бірі зорлаған болып шықты. Яғни, Бозымбаевтың ұлы бұл істе куәгерлердің қатарында болған.
Бүгінде аталған оқиғаға орай тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Nur.kz