Атырау, 27 қараша 07:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аягөзде ойнап жатқан бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адам әскери болып шықты

1 771 просмотра

Image 0Аягөздегі көшеде ойнап жатқан бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адамның төбелесіп қалған балалардың бірінің әкесі екені анықталды, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Жәбірленген бала қазір аудандық аурухананың ота жасау бөлімшесінде жатыр.

Аягөз қалалық әскери прокуратурасы бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адамның әскери бөлімде қызмет ететінін растады. Әскери прокурор Рүстем Ходжаевтың айтуынша, аталған деректерге сәйкес "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Ол төбелесіп қалған балалардың бірінің әкесі. Болған оқиғаны толық тексеретін боламыз. Осыған дейін "Оңтүстік" әскери бөлімінде мұндай жағдай болған емес. Балалар төбелесіп қалатын сәттер болып тұрады, дегенмен, ата-аналар бұл мәселеге байыппен қарайды", - деді Рүстем Ходжаев.

Оның айтуынша, жәбірленген бала әжесімен бірге тұрады. "Біз баланың әжесіне видеоны көрсеттік, баланы дәрігерге апаруға кеңес бердік. Ол немересінің жайын білмеген", - деді ол.

Еске сала кетейік, Аягөзде ер адамның екі бүлдіршіннің ойынына араласып, бірін басынан көтеріп алып жерге лақтырып жібергеніхабарланған болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Интернетте пайда болған видео әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 мамыр 2015, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.