Атырау, 6 қазан 03:43
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Батырхан Шүкеновтың «Один в один» шоуында соңғы сомдаған образы (ВИДЕО)

1 351 просмотра

«Один в один» шоуының ұйымдастырушылары танымал қазақстандық әнші Батырхан Шүкеновтың аты аңызға айналған Стив Уандер образында көрсеткен өнерін назарға ұсынды. Бұл Батыр үшін соңғы образ болды. Әнші 29 сәуірде көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz.video 0

Батырхан Шүкенов қатысқан бағдарлама алдын ала жазылған, ол Стив Уандер образында соңғы рет өнер көрсетті.

Бағдарлама жүргізушісі Игорь Верниктің айтуынша, Батырхан өзін жан-жақты қырынан таныта білді. Бағдарлама қорытындысы бойынша, бұл нөмір үздік атанды. Және жүргізушінің мәлімдеуінше, бұл маусымда екі жеңімпаз болады деп шешім қабылданды. Бірінің кім екенін білеміз, ол – Батырхан Шүкенов.

Еске сала кетсек, Батырхан ресейлік «Один в один» шоуында Лучано Паваротти, Луи Армстронг, Юрий Антонов, Мұрат Насыров, Лиз Митчелл, Сезария Эвора мен тағы басқалардың образдарын жоғары деңгейде сомдады. Бүгін, 18 мамыр күні әнші 53 жасқа толар еді.

Дереккөз: bnews.kz



18 мамыр 2015, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.