Астананың ықпалды кәсіпкері Қайрат Жамалиевтің ісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі.
"Астана қалалық ІІД тергеу басқармасы Қайрат Жамалиев пен Анатолий Прибытковқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұрын хабарланғандай, сәуірдің аяғында Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары аяқталғанға дейін екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр. Кейін Нұрлан Жұмағұлов тараптардың ымыраға келуін қарастырып отырмағанын мәлімдеді.
Дереккөз: Қазақстан жаалықтары АА.