Атырау, 27 қараша 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстандағы барлық баспа БАҚ 2016 жылдың соңына дейін өз сайттарын жасайды

2 241 просмотра

Image 0Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары 2016 жылдың соңына дейін өз сайттарын жасайды, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төраға орынбасары Талғат Қазанғапов.

«2016 жылдың аяғына таман барлық бар баспа газеттері мен журналдары ғаламтор желісіне көшіріледі деп жоспарлап отырмыз», - деді Т. Қазанғапов жұма күні «Сөз бостандығын заңнамалық реттеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында.

Ол мемлекеттің отандық баспа БАҚ-қа жеке сайттарын ашуға қаржыландыру мен техникалық қолдау көрсетіп жатқанын еске салды. Ағымдағы жылдың соңына дейін баспа басылымдардың 400 шақты сайты пайда болады.

«2014 жылдың жазында «Қазтелерадио» базасында «Ғаламтор-көрсетілім» жобасы іске қосылып, оның аясында бүгінде 20-ға жуық отандық телерадиоарна жаһандық желіге хабар таратады», - деп толықтырды комитет төрағасының орынбасары.

Дереккөз: ҚазТАГ

15 мамыр 2015, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.