Атырау, 27 қараша 07:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан журналистерінің салған сауалдарын елемегені үшін меморгандардың бірінші басшылары жауапкершілікте болады – заң жобасы

2 420 просмотра

Image 0Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. «Ақпаратқа кіру туралы» заң жобасына сай Қазақстан журналистерінің салған сауалдарын елемегені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жауапкершілікте болады, деп мәлім етті ҚР парламент мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.

«Егер журналист сауал салған болса, ал оған меморганнан жауап берілмесе, ол үшін жауапкершілік қарастырылады. Негізінен әкімшілік жауапкершілік, бірақ ол үшін осы меморганның бірінші басшысы жауап береді», - деді А. Соловьева жұма күні халықаралық ғылыми-практикалық «Сөз бостандығын заң жолымен реттеу» атты конференцияда.

Ол заң қолданатын сала жеке және заңды тұлғалар мен мұрағаттарға салған сауалдарға жүрмейді деп ескертті.

«Біз ақпарат ретінде нені түсінетініміз айқындалған. Және біз оны ақпарат иелері жасаған немесе солардан алынған, кез келген тасымалдаушыда тіркелген және оны танып алуға мүмкіндік беретін деректемелері бар тұлғалар, заттар, деректер, оқиғалар, құбылыстар,мен үдерістер туралы мәліметтер деп анықтадық», - деді депутат.

А. Соловьеваның айтуынша, ақпаратқа қол жетімділікті шектеу мәселесі белсенді талқыланды. Халықтың жеке деректері мен мемлекеттік құпияларға кіруге шектеу енгізу ұсынылды. Қалған барлық ақпарат ашық болуы тиісті.

«Біз, ақпарат дегеніміз үлкен алаң, онда жеке басқа қатысты деректер қол жетімсіз болуы керек деген тұжырымды ескердік – адам ауратын шығар немесе басқа жеке сипаттағы мәліметтер. Екіншісі – ол мемлекеттік құпиялар», - деді ол.

Сондай-ақ қызметтік мәліметтерге нені жатқызу керек дегенге қатысты дау туындады. Қоғамдық ұйымдар ақпаратты қызметтік пайдалануға жатқызу үшін тестілеу енгізуді ұсынып отыр.

«Біз қазір оны қалай етсек екен деп ойланып отырмыз. Қандай да бір мемлекенттік органдар қол жетімді ақпаратты жауып тастамауы үшін», - деп түсіндірді депутат.

Одан басқа, заң жобасында сұрау салусыз жариялануға жататын жариялымды ақпарат туралы норма қарастырылған.

Дереккөз: ҚазТАГ

15 мамыр 2015, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.