Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Түлектердің аты-жөні көрсетілген Ұлттық біртұтас тестілеу нәтижелері дүрлікпе тудырмау үшін көпшілікке ашық түрде ілінбейтін болды, деп хабарлады ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов.
«Биыл ережелерге өзгерістер енгізілген, және тестілеу нәтижесі бойынша мектеп түлектерінің аты-жөні көрсетілген тізім ілінбейтін болды. Олар тест тапсырар алдында берілетін жеке сәйкестендіру номерлермен және тест тапсырғандардың жеке сәйкестендіру номерлерімен алмастырылады», - деді С. Нүсіпов жұма күнгі брифингте.
Оның айтуынша, мұндай шаралар ата-аналар мен түлектердің жүйкелеріне ауыртпалық түсірмеу үшін жасалып отыр.
«Баз біреулер жақсы оқиды, ал тесті кезінде қасында отырған онша үздік оқымаған оқушының баллы жоғары болып шығады. Ал ол болса, барлығына дұрыс жауап бергендей, ал баллдары төмен. Ол оқушылар арасында дүрбелең тудырады», - деді комитет басшысы.
Ол сондай-ақ дамыған елдерде тестілеу нәтижелері жеке бастық мәліметтер санатына жатқызылып, шифрланатынын атап өтті.
ҰБТ нәтижелерін сәйкестендіру номерлерімен тестілеу орталықтарында жариялы түрде ілінуімен қатар тестілеу нәтижелері туралы барлық мәліметтер ҰБТ тапсырған күні 15.00 сағаттан бастап ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын болады. Сайттан да сәкестендіру номерлерімен тестілеу нәтижелері туралы ақпарат алуға болады.
Дереккөз: ҚазТАГ