Атырау, 6 қазан 03:49
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыз билеттері арзандады

2 096 просмотра

Image 0Қазақстан мен Ресей арасында қатынайтын пойыз билеттері арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың 15 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында тікелей қатынайтын "ҚТЖ" ҰК АҚ (ҚР) және ААҚ "Федералды жолаушылар компаниясы" (РФ) құрастырған халықаралық пойыздарда жүруге жеңілдіктер енгізіледі. Жеңілдіктер пайызы билеттердің сатып алу мерзімі мен оған деген сұранысқа байланысты өзгеріп отырады.

СВ және купе санатындағы вагондарға мынадай жеңілдіктер қарастырылған:
- Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса 45 пайыз;
- Пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса - 35 пайыз.

Плацкарт вагондар үшін:
- Пойыздың жүруінен 45 тәуліктен 31 тәулік бұрын сатып алса - 35 пайыз;
- Пойыздың жүруінен 30 тәулік бұрын сатып алса - 25 пайыз.

Айта кетейік, мемлекетішілік бағыттар мен бір топ жолаушы бірге билет алған жағдайда бұл жеңілдіктер қолданылмайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 мамыр 2015, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.