Әліби Жұмағұловтың ісі бойынша қаралып жатқан Қайрат Жамалиевтің заңды әйелі Алена Жамалиева Tengrinews.kz тілшісіне бірінші сұхбатын берді.
Алена Жамалиева 1981 жылы әскерилердің отбасында дүниеге келген. Оның анасының мамандығы - технолог. Ағасы мен сіңлісі бар. Алена Жамалиева алған білім бойынша - заңгер, бірақ ол ешқашан да мамандығы бойынша жұмыс істемегенін айтты. Қайратпен танысып, оған тұрмысқа шыққан. Айта кетейік, Алена кәсіпкердің екінші әйелі, бірінші некеден туған баласы бар.
"Қазір мен 34-темін. Қайратпен 15 жыл бұрын отасқанбыз, біз бақыттымыз. Бірге тұрамыз. Ал біздің қазір бірге өмір сүрмейтініміз туралы әңгіменің барлығы қауесет. Біздің төрт баламыз бар, барлығы қыз, - дейді ол. - Кенже қызым бар болғаны екіде. Біздің пәк періштелеріміз. Олардың әрқайсысы дарынды, шығармашылық тұлға. Үлкен қызымыз - видеоблогер, екінші қызымыз да. Оның ән айтатын керемет дарыны бар және сол берілген қасиетін жақсы пайдаланып жүр. Өз қызығушылығымен соншалықты мән бере айналысуына қарау қызық. Қыздарымның маңызды іспен айналысып жатқанын, өз жасында сондай кәсібилігін мақтан тұтамын. Балаларымды мақтан тұтамын", - деді Алена.
"Бұл жайында әңгіме қозғаудың өзі ауыр, бірақ адамдардың жауап күтіп жатқанын түсінемін. Біз 15 жыл бойы некедеміз, ер адамдардың көңілдес тауып алатын әдеті бар. Мен мотивтердің қандай екенін білмеймін, бірақ, меніңше, болып жатқанның барлығы күмәнсіз шығар. Қайрат та сөйтті. Онымен кездессем сөйлесетін тақырыбымыз бар. Бірақ бұл енді тек біздің шаруамыз. Барлығына айтарым, ұстамды болуларыңызды сұраймын. Бұл мәселені өзіміздің шешуімізге мұрсат беріңіздер", - деді ол. Бірақ ол Қайратпен ажырасуды жоспарлап отырмағанын және "құдайға қараған әйел" екенін мәлімдеді.
Әңгімелесушінің айтуынша, күйеуі екеуінің қарым-қатынасы өте жақсы. Бастапқыда ұнату болды, ал кейін, оның айтуынша, сезім ұнатудан да жоғары деңгейге көтерілді. Қазіргі уақытта бұл жұптың ойы мен мүддесі бір. Алена Жамалиева күйеуімен қарым-қатынасын өзгелердің достыққа ұқсататынын айтатынын жасырмады. Әліби Жұмағұлов туралы жаңалық оны қатты таңғалдырған.
"Абдырап қалдым десем, түк те айтпаған болар едім. Қайрат отбасында өте мейірімді. Ол сүйікті күйеу және отбасының қамын ойлайтын әке. Бұл оқиғаның біздің басымыздан өтіп жатқанына сене алмадым. Фарс екен деп ойладым. Қайрат өте ақылды әрі ұстамды адам, өзін ұстай алмаған кезін тіпті елестете алмаймын. Бұл іске баруы үшін оны нендей жағдай итермелеуі мүмкін. Абдырап қалдым. Жас жігіттің кім екенін (Әліби - Авт.) қазірдің өзінде білмеймін. Түрлі пікірлер естіп жатырмын. Ол туралы періште деп те, бопсалаушы деп те айтылып жатыр. Адамды қауесетпен ғана бағалауға болмайды. Маған бір қыз телефон соғып, онымен бірге Алматыда бір пәтерде тұрғанын айтты. Оның 2013 жылы бай әйелдерге қызмет көрсеткені де айтылды. Бірақ мұның бәрі мен үшін маңызды емес. Бұл оның өмірі. Ол туралы қандай да бір мәлімет жинайтын, тіпті қайсысының шындық, ал қайсысының өтірік екенін тексеріп жататын жағдайда емеспін. Ақырында шындық белгілі болады деп ойлаймын".
Алена Жамалиева өз күйеуін ерекше адам деп есептейді. Оның айтуынша, Қайрат Жамалиевтің өмірі тәтті болған жоқ. Ерте жасында әкесінен айырылып, үлкен отбасында жалғыз асыраушы болды. "Білім алып жүріп, жұмыс істеді. Ресейде білім алып жүріп, кәсіпкерлік қырын танытты. Ол 90-жылдар болатын, - дейді Жамалиевтің әйелі, - ол болса болашағы үшін күрескен жап-жас бала болды. Кейін әскери мансап жолы. Ол әрқашан тағдырына риза екенін айтатын. Сол әскери өмірде ол тәртіпті, жауапкершілігі бар, өмірлі ұстанымдары айқын адам болды, өмірде ол үшін ең маңыздысы - әділдік."
Қайрат Жамалиевтің мүлкі жайлы да пікір айтылды: "Ұялатын дәнеңеміз де жоқ, байлығымыздың барлығы - Қайраттың көп жылдар бойы маңдай термен жинағаны. Ешкім де оның керек кезінде ауыр көтеріп, вагоннан жүк түсіргенін еске де алмайды ғой. Ешкім оның жұмысын көрмеді. Барлығы тек нәтижесінің қандай болғанын көріп қалды, көп жылдар бойғы еңбектің нәтижесі ғана. Заңға сәйкес, оның мүлкінің 50 пайызы менің иелігімде болуы керек", - деді Алена.
Кәсіпкердің әйелі адвокаттарды жалдағанын және заң бойынша әрекет ететінін хабарлады. Оның айтуынша, ол күйеуіне бара алмай жүр. "Отбасының да, достардың да онымен байланысатын мүмкіндігі жоқ. Не үшін осылай болғаны маған белгісіз. Бұдан да ауыр қылмыс жасағандарға туыстары емін-еркін келе алады ғой. Ал бізді оған кіргізбейді", - деді ол.
Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұловәлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған. Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр. Кейін Нұрлан Жұмағұлов тараптардың ымыраға келуін қарастырып отырмағанын мәлімдеді.
Дереккөз: tengrinews.kz