Атырау, 27 қараша 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей рейс ұшқанын қалаймыз – әл-Замил

2 702 просмотра

Image 0Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей рейстер пайда болса, ынтымақтастықты дамыту жеңілдер еді. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ-араб бизнес форумы барысында Сауда Арабия сауда палаталары кеңесінің төрағасы Абдулрахман әл-Замил мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

«Қазақстан жеке секторды жоспарлау мен дамытуда, индустрияда, химия өнеркәсібінде жақсы жұмыстар атқарып жатыр. Біз әлемнің көптеген еліне сан түрлі өнімдер жеткізіп отырмыз, сондықтан, Қазақстанмен мұнай-химия өнімдерін жеткізу саласындағы қарым-қатынасты дамытқымыз келеді. Биыл астық тасымалын бір ізге салсақ, мұнай-химия өнімдерін жеткізуде де дұрыс жол таңдаймыз деп ойлаймын. Екі ел арасындағы тауарайналым мәселелерін шешіп, әуе жолдар да кеңейеді деп үміттенеміз. Жеке секторда біздің жоспарларымыз бар, бұл бағыттағы жұмысты тағы да дамыта түсу керек. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында тікелей әуе рейстері ашылғанын қалаймыз, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға көп септігін тигізер еді», - дейді әл-Замил.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Сауд Араб Әмірлігінің Сауда және индустрия министрі Тауфик ал-Рабия мырзаның Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Сауд Араб бизнес форумы өтіп жатыр.

Дереккөз: bnews.kz

13 мамыр 2015, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.