Атырау, 27 қараша 07:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Қазақстан мен Болгария арасында адамдарды ұстап беру туралы шарт мақұлданды

2 620 просмотра

Image 0

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Аталған шартқа былтырғы жылы ҚР Бас прокурорының Болгарияға сапары аясында қол қойылған.

«Құжатты ратификациялау біздің еліміздің аумағында қылмыс жасаған тұлғаларды Болгарияға, Болгарияда жүрген қылмыскерлерді елімізге экстрадициялауға мүмкіндік береді. Келісімнің шарттарына сәйкес, екі елде де қылмыс деп танылатын қылмыстық әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін және сол қылмысы үшін бір жылдан кем болмайтын жазалар қарастырылатын тұлғаларды ұстап беру жүзеге асатын болады. Егер сұрау салынатын тұлға сотталған болған болса, онда оның жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына алты ай шамасында мерзім қалған болуы керек», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.

Оның айтуынша, заң жобасында ұстап беруден бас тартудың бірқатар шарттары қамтылған. Мәселен, егер сұрау салынған тұлғаға саяси баспана берілген болса ондай тұлғалар ұстап беруге жатпайды. Сонымен қатар, іздестірілген тұлғаны қудалау нәсілдік, діни, ұлттық, саяси және әлеуметтік сипатта болып табылатындығына негіздер байқалса, ондай адамдарды ұстап беруден бас тартылуы мүмкін. Тұтастай алғанда адамдарды ұстап беру туралы шарт тараптарға екінші мемлекеттің немесе соның аумағында жасырынып жүрген тұлғаларды экстрадициялауды талап етуге мүмкіндік береді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Дереккөз:ҚазАқпарат

13 мамыр 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.